CineStep

Қысқаметражды

фильм

акселераторы

Ideas are always coming through. And an artist is free to release them with the faith that more will arrive.
— Rick Rubin
Құрметті болашақ кинематографист!
Атырау таланттарға толы өңір. Мұны біз көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүрміз. Жергілікті жастардың өзіндік көзқарасы, терең ойы және ерекше дүниетанымы бар. Солардың ішінде экранға шықпаған идеялары, айтылмаған сезімдері, көрсетілмеген оқиғалары көп жандар бар екенін білеміз.
CineStep осы мүмкіндікті беру үшін дүниеге келді. Жоба ішінде сіз кино өндірісінің барлық кезеңін - сценарийден бастап дайын фильмге дейін - біздің қолдауымызбен өтесіз. Бұл жол оңай болмайды, бірақ біз сізбен бірге жүреміз.
Бізге сізден тек бір нәрсе керек. Алғашқы қадам. Қалғанын бірге жасаймыз.
Өтінім беріңіз. Сіздің идеяңызды асыға күтудеміз.
CineStep Atyrau
Атырау облысының жас кинематографистеріне арналған қысқаметражды фильм акселераторы.
Қатысушылар сценарий жазудан бастап дайын фильмді үлкен экранға шығаруға дейінгі барлық кезеңдер туралы ақпарат алады.
Үздік үш жоба өндірістік грант алып, қазақ тілінде қысқаметражды фильм түсіру мүмкіндіне ие болады Бағдарлама Атырау қаласында ашық көрсетіліммен аяқталады.
Бағдарлама төрт кезеңнен тұрады.
  • Бірінші кезеңде ашық іріктеу өткізіледі. Өтінімдер қабылданып, портфолио, мотивациялық хат және жеке әңгімелесу арқылы 20 резидент анықталады.
  • Екінші кезеңде оқыту сессиялары өткізіледі. Резиденттер кәсіби менторлармен бірге сценарий жазу, режиссура, операторлық шеберлік, монтаж, продюсирлеу және питчинг бағыттары бойынша ақпарат алады.
  • Үшінші кезеңде резиденттер өз фильм идеяларын таныстырады. Іріктеу комиссиясы үздік 3 жобаны анықтайды. Жеңімпаздар 2 000 000 тг көлемінде өндірістік грант алып, менторлар қолдауымен қазақ тілінде қысқаметражды фильм түсіреді.
  • Төртінші кезеңде дайын фильмдердің ашық алдын ала көрсетілімі Атырау қаласында өткізіледі.
Бағдарламаның жалпы мерзімі - 2026 жылғы мамыр-шілде айлары.

Open Call өтінім беру ережелері
Жобаға 18-ден 35-ке дейінгі (34 толық), Атырау облысында тұратын жастар қатыса алады. Бұрынғы кино тәжірибесі міндетті емес. Бір адам тек бір өтінім бере алады.
Өтінімде болуы тиіс: толық аты-жөні мен байланыс ақпараты, жасы мен тұрғылықты жері, таңдаған бағыты, портфолиоға сілтеме (бар болса), өзі туралы қысқаша мәлімет және мотивациялық хат (300-400 сөз).

[Толық ереже]
«Сөзсіз, оператор , суретші, композитор, тіпті әкімші немесе пиротехник өз саласында талантты болуы керек. Бірақ, менің ойымша, фильмнің сәттілігі немесе сәтсіздігі режиссерге байланысты.
Режиссер өте талантты, ал таңдаған сценариі әлсіз деп айтуға болмайды. Өйткені режиссер фильмді түсірмес бұрын әлсіз сценарийді өзі таңдады емес пе?! Режиссер өте талантты, ал оператор (немесе композитор, суретші немесе актер) әлсіз болды деп ақтауға болмайды. Режиссер бәрібір кінәлі, өйткені ол әлсіз операторды (немесе суретшіні және т. б.) фильмге өзі шақырды».

— Шәкен Айманов, қазақтың әйгілі актері, режиссер.
Біздің менторларымыз
Жуырда белгілі болады!
  • ???
    Ментор
  • ???
    Ментор
  • ???
    Ментор
Ұйымдастырушылар, қолдаушылар және серіктестер
Серіктестікке ашықпыз!
  • Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы
    Қолдаушы
  • Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы
    Қолдаушы
  • Key Transform ҚБ

    Ұйымдастырушы

  • Kilen creative hub
    серіктес
  • Atyrau creative hub
    серіктес
  • серіктес
    серіктес
Естеліктер
Біз БАҚ - та
Творческой молодежи сложно выживать в регионах — у них меньше пространств для самовыражения, практики и коллобораций. В таких условиях талантливые люди вынуждены уезжать в крупные города или менять род деятельности.
Данияр Бейсембаев, The Village Казахстан

[толығырақ]
Атырау — это не точка на карте Казахстана, а живое место с креативным пульсом.
Айжана Шайкенова, The Voice Media

[толығырақ]
«Бір жарым-екі сағатқа созылатын әсерлі оқиға құрастыру — мамандық. Ал сол оқиғаны он минутта жеткізе білу — өнер.».

Джордж Лукас.
Жуырда болатын
іс-шаралар
Open Call
(өтінімдер қабылдау)
Бағасы: тегін.
Басталуы: 22 мамыр 12:00.
Аяқталуы: 29 мамыр 23:59.
Жас шектеу: 18 - 34 (толық)
📍Атырау
Күн
Сағат
Минут
Секунд
Рахмет!
Бізді әлеуметтік желілерден таба аласыз.
Барлық фотосуреттер, мәтіндер және бейнематериалдар олардың иелеріне тиесілі және тек көрсету мақсатында пайдаланылған. Үлгідегі контентті коммерциялық мақсатта пайдаланбауыңызды сұраймыз.
Made on
Tilda